Балаларын ұрып-соққан адам қамауға алынды

979

Күдіктінің әйелі полиция бөліміне арызданған. 

Балаларын ұрып-соққан адам қамауға алынды

"Полиция қызметкерлері 4 қазан күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барсысында ер адамның кәмелет жасына толмаған баланы ұрып-соғып жатқаны жазылған бейнежазбаны табады. Аталған жайт Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі жүйесіне (СДТБТ) қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі "Азаптау" бойынша тіркелді", – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Таратылған мәліметке қарағанда, сол күні жұбайының балаларын ұрып-соққанын айтып, күдіктінің әйелі полиция бөліміне арызданған. 

"Полицейлер тез арада ер адамды ұстады. Ұсталған жергілікті тұрғын ешқайда жұмыс істемейді.  Ерлі-зайыптыларың 2011 жылдан бері некеде тұрғаны белгілі болды. Екеуінің ортақ үш баласы бар. Бұған дейін әйел 2018 жылы полицияға күйеуі ұрып-соғатыны туралы ауызша айтқанымен, өтініш беруден бас тартқан. Ал 2019 жылдың сәуірінде ол полицияға дене жарақатын салу дерегі бойынша тағы да жүгінген. Алайда, әкімшілік өндіріс әйел күйеуін кешіргендіктен, медиация арқылы тоқтатылды.  Содан кейін жұбайы қайтадан жауапкершіліктен құтылды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Ер адам  қамауға алынды. Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда", – дейді полиция департаменті. 

Нұржан Көшкін
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу