Балаларын жеке балабақшаға берген ата-аналар табыс салығынан босатылады

449

Көрші ел осылай бақшаға кезек санын азайтпақ.

Балаларын жеке балабақшаға берген ата-аналар табыс салығынан босатылады Фото: Ашық дереккөзден

Өзбекстанда балаларын жеке балабақшаға берген ата-аналар табыс салығынан босатылады. Себебі, мемлекеттік мекемелердің барлық бүлдіршінді қамтуға шамасы жетпей жатыр. Ал ата-аналар үшін жеке балабақшалардың төлемі тым қымбат.

Өзбекстанда өткен 4 айда былтырғымен салыстырғанда 4,7 пайызға көбірек бүлдіршін дүниеге келген. Демографиялық өсімнің мұндай қарқыны балабақша тапшылығы мәселесін тіптен ушықтырып отыр. Алайда кәсіпкерлер бұл жеке секторды дамыту үшін жақсы мүмкіндік,- дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу