Балаларына 5,5 млн-ға жуық теңге қарыз әке сотталды

654

Борышкер 1 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі қылмыстық жазаға тартылды.

Балаларына 5,5 млн-ға жуық теңге қарыз әке сотталды Фото: canva.com

Шымкентте өз балаларына 5,5 млн-ға жуық теңге қарыз әке сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ер кісі кәмелетке толмаған ұлы мен қызын асырау үшін алимент төлеу міндетін жылдар бойы орындамаған. Прокуратура актісінің негізінде полиция оның үстінен Қылмыстық кодекстің 139-бабымен іс қозғап, сотқа жіберді.

Сот үкімімен борышкер 1 жылға бас бостандығынан шектеу түріндегі қылмыстық жазаға тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу