"Балаларының көзінше болған": Астанада отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыпты көз жұмды

296

Полиция қылмыстық іс қозғады.  

"Балаларының көзінше болған": Астанада отбасылық жанжалдан кейін ерлі-зайыпты көз жұмды Фото: iz.ru

Астанада ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Ер адам әйелін пышақтап, кейін өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпарат kriminal_kazakhstan Телеграм арнасында пайда болды. Оқиға елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Желіде тараған бейресми ақпараттарда оқиғаның ерлі-зайыптының 12 және 14 жастағы екі баласының көзінше болғаны айтылған.
 
Редакция тілшісі оқиғаның мән-жайын білу үшін Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, адам өлтіру және өзіне-өзі қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Анықталғандай, ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал барысында 55 жастағы ер адам 53 жастағы әйеліне пышақ жарақатын салған, кейін өзіне қол жұмсаған. Алған жарақаттарының салдарынан екеуі де оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу