Балам өлгенше, өзім өліп кетуім керек еді – Шерзат Полаттың әкесі

325

Талғардағы қанды оқиға болған түн туралы айтылды. 

Балам өлгенше, өзім өліп кетуім керек еді – Шерзат Полаттың әкесі Фото: Бейнежазбадан

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов сотта жауап беріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Есіктен шыққан кезде Шыңғыстың (ред. – Белғожаев) қолынан пышақ түсіп қалды. Мен соны байқадым. Бұл сәт видеода да көрініп тұр. Кейін артымнан қуған кезде, пышақ тығады. Ол пышақ кірмей қалды. Бірақ кіруі керек пе еді. Балам өлгенше, өзім өліп кетуім керек еді", - деді марқұмның әкесі.

Қаржаубай Нұрымовтың айтуынша, айыпталушылар Азамат Тоқтаубаев пен Шыңғыс Белғожаев бірінші болып пышақ шығарған.

"Дүкенге кіргенде маған Нұрбол (ред. – Тоқтаубаев) күмәнді болып көрінді. Неге десек, қалтасында қайта-қайта бірдеңе ұстап тұрды. Мен сол себепті пышақ ұстадым. Бірақ оны сілтеу мақсатында емес алмадым. (...) Егер (олардан) пышақ көрмесем, оны қолданбас едім. Хутордың жігіті деп естімегенімде қорғану мақсатын ойламас едім. Мен түсіндіретін едім. Хутор десе, біздің Азат ауылы шошиды. Өздері де біледі олар", - деді жәбірленуші.

Айта кету керек, осыған дейін Шерзаттың әкесі жанжал қалай басталғанын айтып берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу