"Бүгін анамызды соңғы сапарға шығарып салдық. Бұл сөздерді жыламай айту оңай соқпады. Бірақ анамның маған айтқан соңғы сөздері құлағымда тұрды. "Балам, жылама. Жыласаң ауырып қаласың. Сен мықты бол. Аллаға мың да бір шүкір. Мен саған разымын..." Маған тағы бір күш берген нәрсе – анамның соңғы демі шығарда Кәлиманы айтып, таң намазы кіргенде мәңгілік мекенге аттануы. Жаныңыз жәннатта болсын, жан анам! Тірісінде ананы бағалаңыздар, аялаңыздар, сыйлаңыздар. Тірісінде разылығын алыңыздар. Ешкім мәңгілік емес...", – деп жазды депутат.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу