Баламалы қуат өндіру жобалары бәссаудаға шығарылады

939

Баламалы қуат өндіру жобалары бәссаудаға шығарылады

Жалпы қуаты 1 гигаватты құрайтын баламалы қуат көздерін өндіруге бағытталған отандық жобалар биыл 23 мамырда халықаралық бәссауда арқылы саудаланбақ. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде энергетика министрлігінің орынбасары Бақытжан Жақсалиев айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Сонымен қатар "Жасыл экономикаға өту" тұжырымдамасына сәйкес, жыл соңына дейін елімізде 5 нысан пайдалануға беріледі. Оның үшеуі – гидро, қалған екеуі – күн және жел электр стансалары.

Жалпы, 2020 жылға қарай жаңартылатын қуат көздерінің отандық нарықтағы үлесін 3 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Сондай-ақ республика аумағындағы полигондардың санитарлық жағдайы қатаң бақылауға алынып, 2030 жылға қарай халықаралық экологиялық талаптарға сәйкестендірілмек.

"Дамыған елдерде қоқыс қайта өңделеді немесе баламалы қуат көзі ретінде өртеледі. Қазақстан да осы бағытты ұстанды. Алайда бүгінгі жағдайда қалдықты полигонға жеткізіп, топырақ астына көме салу, қоқысты қайта өңдегеннен арзанға шығып тұр. Сондықтан келесі жылдан бастап пластик, полиэтилен сынды материалдар мен қалың қатырма қағаздарды жер астына көмуге заң жүзінде тыйым салынады. Алдағы уақытта сұйық және қатты қалдықтарға арналған қос контейнерлер пайда болмақ", - дейді ҚР ЭМ қалдықтарды басқару департаменті директорының орынбасары Бизара Досмақова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу