"Баламен қорқытты": Марқұм Айгүл Сайлыбаеваның күйеуімен не себепті ажыраса алмағаны белгілі болды

1996

Бұл туралы марқұмның бауыры “Ертысбаев Live” YouTube арнасында айтты.

"Баламен қорқытты": Марқұм Айгүл Сайлыбаеваның күйеуімен не себепті ажыраса алмағаны белгілі болды Фото: видеодан алынған кадр

Германияда із-түссіз жоғалып кетіп, өлі табылған қазақстандық Айгүл Сайлыбаеваның бауыры ерлі-зайыптының отбасындағы жағдайлар туралы мүлде білмегенін айтты. Сондай-ақ марқұм күйеуі сабаған соң, денесіндегі жарақаттарын суретке түсіріп, құрбысына жіберіп отырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қанат Сайлыбаев күйеубаласының бір жерде тұрақтай алмайтындай көрінгенін жасырмайды. Айгүлдің отбасы қаладан бөлек, аз уақыттың ішінде бірнеше елге қоныс аударып үлгерген.

“Олар Қазақстанан көшіп кеткен соң Мәскеу қаласында тұрды. Кейін Германияның Лейпциг қаласына, одан соң Бенсхайм қаласына көшіп кетті. Былтыр Америка Құрама штатындағы Майами қаласында тұрды. Кейін қайта Бенсхаймға қоныс аударды. Қазір байқап қарасам аз уақытта олар бірнеше мәрте қала, ел ауыстырып, көшіп-қонып жүрген. Александр Донцов бір орында тұрақтай алмайтын сияқты болып көрінді. Мүмкін біреуден қашып жүр ме екен?! Оның қанша азаматтығы бары бір Құдайға ғана аян. Ол өзінің отбасылық өмірінің жағымсыз тұстары көп әңгіме қылмайтын. Біз ол туралы мүлдем білмедік. Ол отбасын жақсы, үлгілі жағынан көрсеткісі келген болар. Күйеуі мен оның анасын сөзге қалдырмас үшін көп нәрсені бұғып қалатын”, – дейді Айгүлдің ағасы.

Айгүл Сыйлыбаева денесіндегі жарақатты суретке түсіріп, тек құрбысына жіберіп отырған. Соққы іздері көбіне басында болған. Марқұм құрбысына енесінің ашушаң адам екенін айтқан. Бірде енесі Айгүлді итеріп жібергенде ол басын қабырғаға қатты ұрып алған. Кейін тіпті тұншықтырмақ болған. 

Айгүл Қазақстанға соңғы келгенінде отбасындағы жағдай туралы сіңлісі Жұлдызайға айтып берген. Марқұм күйеуімен ажырасқысы келген, алайда оны баласымен қорқыып, қоқан-лоқы көрсеткен. 

“2024 жылдың 6 ақпанына дейін Айгүлдің жағдайы жақсы деп ойладым. Бірақ екеуіміз кездескенде ол күйеуі Александр Айгүл мен қызының барлық құжаттарын тартып алып, үйден тыс жерге жасырғаны туралы білдім. Ол Айгүлге қызымен бірге үйден шығуға және жақындарымен сөйлесуге тыйым салған. Александр Айгүл артық әңгіме айтып қояды деп қорыққан. Мен оған Қазақстанда қалуға кеңес бердім. Бірақ ол қызы үшін Германияға қайту керегін айтты. Мұнда қызымен қалса күйеуі Германия полициясына оның бала ұрлағаны туралы айтып, арыз беруі мүмкін екен. “Жалғыз өзің ұшуға қорықпайсың ба?” деген сұрағыма Айгүл нәрсені білетінін және оған айтарлықтай ештеңе істемейтінін айтты”, – дейді Жұлдызай Абудбаидова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу