Баландин 4-орын алды

712

Дмитрий Баландин Бейжіңде өтіп жатқан Champions Swim Series – Халықаралық жүзу федерациясы турнирінің екінші кезеңде 200 метрге брасс әдісімен жүзуден төртінші орын алды.  

Баландин 4-орын алды

Қазақстан спортшысының аралықты жүзіп өту уақыты 2:12.36 болды, деп хабарлады ҚазАқпараттың Қытайдағы арнаулы тілшісі оқиға орнынан.

Бұл жарыста ара қашықтықты 2.08.40-та жүзіп өткен 2017 және 2019 жылдардағы әлем чемпионатының қола жүлдегері жапондық Ватанабэ Иппэй жеңімпаз атанды. Күміс жүлде 100 және 200 метрде брасс әдісмен жүзуден өткен жылғы Еуропа чемпионы нидерландтық Арно Каммингаға бұйырды. Ал қола медальді 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері америкалық Джон Прено жеңіп алды.

Естеріңізде болса, Дмитрий Баландин Оңтүстік Кореяның Шэньчжэн қаласында өткен жарыста бұл қашықтықты 2:13:58 көрсеткіші бойынша бағындырған болатын.

Жарыстан кейін "ҚазАқпарат" ХАА тілшісіне сұхбат берген 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландин 200 метрге жүзу нәтижесіне қатысты пікір білдіріп, "барлығы жеткілікті болғанын, уақытын жақсартқанын" баса айтты.

"Сырқаттан кейін жүзу біршама ауырға соқты және бұрылыста екі рет қателік жіберіп алдым", – деді қазақстандық жүзгіш.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу