Баландин АҚШ-тағы халықаралық турнирде тағы бір жүлдеге ілікті

517

 Ал тағы бір қазақстандық спортшы Әділбек Мусин ертең 50 және 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жарыс жолына шығады. 

Баландин АҚШ-тағы халықаралық турнирде тағы бір жүлдеге ілікті

Дмитрий Баландин АҚШ-тағы CA Dolfin Fran Crippen SMOC халықаралық турнирінде тағы да бір медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Баландин брасс әдісімен 50 метрге жүзуде 27.55 уақыт көрсеткішімен күміс жүлдегер атанды. Бірінші орынды қытайлық Ян Зибей иеленген.

Кеше 200 метрге брасс әдісімен жарысуда Баландин тап осы спортшыға есе жіберген болатын. Үшінші орынға тағы бір қытайлық спортшы орналасты. 

Әділ Қасқабай 50 метрге еркін әдіспен жүзуден финалдық сынға өте алған жоқ. Ал тағы бір қазақстандық спортшы Әділбек Мусин ертең 50 және 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жарыс жолына шығады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу