Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин жүзуден Испания ашық чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде отандасымыз қарсылас шақ келтірмеді - 2:09.31. Бұған қоса, Дмитрий Испания чемпионатының рекордын жаңартты.
Сондай-ақ, кеше 50 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин күміс жүлдегер атанды.
Тағы бір спортшымыз Әділ Қасқабай мен Әділбек Мусин 100 метр қашықтықта еркін стильде жүзуде финалға шықты.
Ақтық сайыс бүгін өтеді
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу