Бейжиңде (Қытай) халықаралық су спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен Champions Swim Series жарысының екінші кезеңі бастау алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин 100 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша 1:00.00 көрсеткішімен қола жүлдеге ие болды.
Бүгін, 19 қаңтарда Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша сынға түседі. Дәл осы дистанцияға қатысуышалар арасында әлемнің қола жүлдегері Иппей Ватанбе, Еуропа чемпионы Арно Камминга (Нидерланды) және Олимпиаданың күміс жүлдегері Джон Перно бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу