"Ұсталғаннан кейін бірден болған оқиғаға кінәлі екенімді айтқанымды көрдіңіздер. Алайда екі күннен кейін әйелін өлтіру ниеті болған деген айып тағылады деп ойламадым. Мені ауыртпалықты сезініп отырған жоқ, жүрексіз адам деп атады. Салтанатты жамандағаным үшін мені сөкті. Бірақ мен өзім білетін шындықты айттым", – дейді ол.
Бишімбаев тергеу кезінде болған оқиғаны түсініп үлгермегенін айтады.
"Мен әрекетім үшін күн сайын өкінемін. Алла Тағаладан кешірім сұраймын. Мен осында өзімді қорғауым керек, мұны жеңуім керек екенін білемін. Мұны маған берілген жаза ретінде қарастырамын. Шынымен істеген ісім үшін кез келген жазаны көтеруге дайынмын. Салтанатты қасақана өлтірген жоқпын, бірақ оның өліміне мен кінәлімін. Салтанаттың ағасы мен ата-анасынан кешірім сұраймын", – деді ол.
Сөз арасында 23 жасында екі жасар қызынан айырылғанын айтып қалды.