Екі адамды құтқарған тәртіп сақшысы "Ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Жаса, жайна, Қазақстан!" салтанатты іс-шарасында Кентау қаласының учаскелік полиция инспекторы Есімхан Бағзатханға "Ерлігі үшін" төсбелгісі табысталды.
Есімхан Бағзатхан екі рет адам өмірін құтқарып қалған. Атап айтқанда, пәтерде жалғыз өзі құлыптанып қалған 3 жасар бүлдіршінді 5-қабаттың балконы арқылы ішке кіріп, құтқарған. Сондай-ақ, 4-қабаттың терезесінен секірмек болған ер жігітті де дер кезінде ажалдан арашалады.
Награданы Президенттің тапсырмасымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды табыс етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу