Баланы қолынан сүйреген тәрбиешінің басы дауға қалды (Видео)

1134

Қарағандыдағы "Армашка" балабақшасында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіге тарап кетті. 

Баланы қолынан сүйреген тәрбиешінің басы дауға қалды (Видео)

"Армашка" балабақшасының маманы бөлмеге қарай өтпей, жерге жатып алған баланы бір қолынан сүйреп алып кеткен. Бұл көріністі балабақшаның басқа қызметкері видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге аты жөнін жасырып таратып жіберген, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.  

Қала әкімі Ермағамбет Бөлекпаев бұл оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілетінін мәлімдеді. 

"Осы жағдай бойынша 22 қарашада қалалық білім бөлімімен барлық тиісті мемлекеттік органдарды, оның ішінде депутаттарды тарта отырып, тексеру ұйымдастырылатын болады. Тексеру нәтижелері туралы хабарлайтын боламыз", – деді қала әкімі Ермағамбет Бөлекпаев. 

"Армашка" жекеменшік балабақша. Алайда бұл жерге балғындар мемлекеттік тапсырыс есебінен де барады.

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу