Белгілі болғанындай, бала үйіне келе жатып артынан белгісіз ер адамның түскенін байқаған. Жүрісін жылдамдатса да, артындағы ер адам соңынан қалмай ілесіп отырған.
Ақырында бала үйіне кіріп үлгерген. Ол орын алған жағдайды әпкесіне баяндапты.
Тәртіп сақшылары дереу ер адамның жеке басын анықтап, оны полиция бөлімшесіне жеткізді.
Сөйтсе, ол аталған ықшам ауданның 47 жастағы тұрғыны болып шықты.
Жауап алу барысында ер адам заңсыз ештеңе жасамағандықтан, баланың қорыққанын білмегенін айтқан.
Нәтижесінде, тәртіп сақшылары расымен де ер адамның іс-әрекетінен аңду әрекетін байқамады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу