Баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

1102

Қарағанды облысына қарасты Абай қаласындағы "Әдемі" балабақшасында баланы ұрған тәрбиешінің әрекеті бейнежазбаға түсіп қалды.

Баланы ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

"Әдемі" балабақшасына баласын апарып жүрген ата-ананың бірі бүлдіршіннің денесіндегі соққы іздерін көрген. Кейін ол балабақша басшысынан бейнежазбаны көрсетуді талап еткен. Бейнежазбада тәрбиешінің екі баланы желкесінен нұқып жібергені түсіп қалған. Осыдан кейін ата-аналар "баламызды таяқ жеу үшін осында әкелеміз бе?" деп шу көтерді.

"24 наурыз күні "Instagram" әлеуметтік желісіне жүргізілген мониторинг жұмыстары барысында Қарағанды облысы, Абай қаласындағы балабақшалардың бірінде балаға қол жұмсап жатқан тәрбиешінің бейнежазбасы анықталды.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 140 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Алдын ала тергеу жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен 20 жастағы күдікті анықталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде", – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бүгінде 20 жастағы тәрбиешінің жұмыстан шығарылғаны анықталды. "Әдемі" балабақшасы жеке меншік негіздегі мекеме ретінде жұмыс жүргізеді. Абай ауданының білім бөлімі бұл мәселеге қатысты комиссия құрып, тексеруді бастағанын мәлімдеді.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу