Ерлі-зайыпты баласына кім ат қоятынын келісе алмай үш жыл жүрген

331

Сот бірнеше жылдан кейін ешкімді жақтамай, балаға өзі ат таңдап берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.

Ерлі-зайыпты баласына кім ат қоятынын келісе алмай үш жыл жүрген Фото: canva.com

Оқиға 2021 жылы әйелі ұл баланы дүниеге әкелген соң басталған. Осы кезде ол жүктіліктен кейін қалпына келу үшін ата-анасының үйіне кеткен. Елдегі заңға сәйкес күйеуі бірнеше аптадан кейін әйелін алып кетуі керек. Алайда, белгіленген уақытта ер адам баласы мен жұбайына келмеген. Бұған нәрестенің аты себеп болған.

Ұсынылған нұсқаның орнына әйелі ұлын Ади деп атағысы келген, есім ерлі-зайыптының атының алғашқы әріптерінен құралған.

Әйелі де, күйеуі де өз шешімдерінен бас тартпайтынын айтып, әйелі бірнеше аптаның орнына ата-анасының үйінде 3 жыл тұрған. Кейін екеуі сотқа шағым түсіріп, күйеуінен қаржылай қолдау талап еткен. Бұл арадағы араздықты одан әрі ушықтырып жіберген.

Көп ұзамай іс Үндістандағы жоғарғы ұйым – халықтық сотта қаралған. Мұнда ерлі-зайыптыға есімнің үшінші нұсқасы ұсынылыпты.

Соттың шешімімен балаға Арьявардхан деген ат беріліп, ерлі-зайыпты ажырасудан бас тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу