Баланың тісін жұлып мүгедек қылған емхана 1,5 млн теңге өтемақымен құтылатын болды

189

Балаға облыстық көпсалалы ауруханада екі рет ота жасалған.

Баланың тісін жұлып мүгедек қылған емхана 1,5 млн теңге өтемақымен құтылатын болды Фото: kristall-32.kz

Қызылорда тұрғыны баласының тісі ауырғанда орталық қалалық емхананың балалар стоматологиясына барып, тіс жұлдырған. Емдеуден кейінгі келесі күні баланың жақ сүйегі ісініп, жалпы денсаулығы нашарлаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Одан кейін балаға облыстық көпсалалы аурухананың жақ-бет бөлімшесінде "Сол жақ төменгі жақтың жедел іріңді одонтогенді флегмонасы, 7,5 тісін жұлғандағы жағдайы" диагнозымен екі рет ота жасалған.

Арада алты ай өткенде баланың жақ сүйегі қайта ісіп, іріңді жарасы жазылмағандықтан олар Алматы қаласында ақылы негізде ауруханада емделіп, операция жасатуға мәжбүр болған.

Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті ананың шағымы бойынша жүргізілген емхананы тексеру қорытындысына сәйкес, тіс дәрігері кәмелетке толмаған балаға медициналық көмек көрсету кезінде клиникалық диагностика және емдеу хаттамасын сақтамаған.

Оның тісін орта медициналық білімі бар стоматолог алып тастаған, емдеу алдында жақ сүйегінің рентгенографиясы объективті тексерілмей, асқынулар — төменгі жақтың қабыну процесі болған.

Баланың анасы стоматологиялық емханадан өзіне келген моральдық және материалдық шығынды өтеуді сұрап, сотқа жүгінген.

Талабында ол емхана медицина қызметкерінің салғырттығынан және алғашқы медициналық көмекті дұрыс көрсетпеуінен ауру асқынып, бала 2 жылға жуық ұйықтай алмай, дәрігерлердің қорытындысы бойынша мүгедек болып қалғанын көрсеткен. 

Сондай-ақ олар ақылы негізде үш операция жасауға, тіс емдеуге және дәрігерлерден кеңес алуға мәжбүр болған.

Сот стоматологиялық емханадан моральдық және материалдық шығын үшін 1,5 миллион теңгеден астам өтемақы өндірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу