Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен алаңдаушылығын ұтымды пайдаланады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Кейінгі уақытта интернетте өзін “емші”, “көріпкел” немесе “балгер” ретінде таныстырып, азаматтарға “балаңыз қатты дуаланған” деп айтып, оны “емдеп, дуаны қайтаруды” ақылы түрде ұсынатын алаяқтық әрекеттер жиілеген.
Алаяқтар адамдардың қорқынышы мен алаңдаушылығын пайдаланады. Әдетте олар азаматтармен әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы байланысып, түрлі “белгілерді” алға тартады және жағдайдың күрделі екеніне сендіреді.
Кейін “ем жүргізу”, “дуаны қайтару” немесе “қажетті заттарды сатып алу” сылтауымен ақша аударуды сұрайды.
Полиция ескертеді:
- интернеттегі бейтаныс адамдардың “емдеп жазу”, “көз тиюден арылту” туралы уәделеріне сенбеңіз;
- таныс емес адамдардың есепшоттарына ақша аудармаңыз;
- жеке деректеріңізді, банк карталарының деректемелерін және SMS арқылы келетін кодтарды ешкімге хабарламаңыз;
- қорқыныш пен дүрбелеңге бой алдырмай, алынған ақпаратты бірнеше дереккөз арқылы тексеріңіз;
- күмәнді жағдайға тап болсаңыз, хат алмасу тарихын және ақша аударылғаны туралы түбіртектерді сақтап қойыңыз.