Баласы үшін мандаттан бас тартпау – бұзылмайтын заңдылық

1048

2018 жылдың наурызында шыққан үкімнен кейін 3 жыл Парламентте отырды.

Баласы үшін мандаттан бас тартпау – бұзылмайтын заңдылық Фото: aikyn.kz

Баласының былығы үшін депутаттық креслосын қимайтын тек Жигули Дайрабаев емес. Бұған дейін де болған. 

Осыдан 8 жыл бұрын сол кезде Мәжіліс депутаты болған Бақтықожа Ізмұхамбетовтың да басы дауға қалған еді. Бұрынғы келіні "депутаттың баласы алимент төлемейді" деп журналистерге шағымданған. Сол кезде Бақтықожа Салахатдинұлы "ересек адамдар, өздері шешсін" деп құтылған. Осы даудан кейін 5 жыл тағы депутат болды.

Ал, Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыпов ұлы жемқорлық ісі бойынша сотталса да мандатынан айрылмады. 2018 жылдың наурызында шыққан үкімнен кейін 3 жыл Парламентте отырды.

Осы шақырылымда мәжілісмен атанған Дәулет Тұрлыхановтың да ұлы істі болып жатыр. Танымал спортшының баласы ерлі-зайыпты заңгерлерді ұрғаны үшін жазаға тартылуы мүмкін. Нұрасыл Дәулетұлы айыпты деп танылса да әкесі мандатынан бас тартпайтын сияқты. Өйткені, қазірдің өзінде Тұрлыханов "ересек азамат, өзі жауап береді" дегеннен танбай отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу