Баласын 2 млн теңгеге сатпақ болған ата-ана мен делдалдар құрықталды

804

Осы қылмысты жасады деген күдікпен жеті адам қамауға алынды.

Баласын 2 млн теңгеге сатпақ болған ата-ана мен делдалдар құрықталды

Алматыда нәрестені сатпақ болғандар ұсталды.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұстау кезінде нәрестені сатып алушыларда тағы екі нәресте болған. Полициядан бұл балалардың да "тауар" болуы мүмкін екені айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Туылғанына алты күн болған қызын 24 жастағы келіншек пен онымен бірге тұратын 21 жастағы адам сатпақ болған.

Жұптың құрсақтағы баласын сатып алушыларды екі ай бұрын іздей бастағандығы анықталды. Баланы Алматы қаласының тұрғындары алғысы келді – 1974 жылы туған У.есімді азамат және 1976 жылы туған Е. есімді азаматша. Тараптар 2 миллион теңгеге келіскен.

Мәміле өткен демалысқа жасалды. Алайда криминалдық полиция және ұйымдасқан қылмыспен күрес Басқармалары қызметкерлерінің қаланың әр жерінде бір уақытта жүргізген арнайы іс-шарасы күдіктілердің жоспарын бұзды. Алғашқылардың қатарында қыздың биологиялық ата-анасы ұсталды. Одан кейін – әлеуетті сатып алушылар және ерлі-зайыпты делдалдар. Келесі қадам ақшалай сыйақы үшін баланың құжаттарын рәсімдеу міндетін өз мойнына алған 56 жастағы А. есімді азаматшаны ұстау болды", – деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов.

Нәресте мен мәміленің қалған сомасын бір-біріне беру кезінде сатып алушылар мен делдалдардың бір уақытта ұсталған.

"Өте маңызды жайт: кездесу кезінде делдалдардың қолында тағы екі сәбиі болды, болжам бойынша 3 және 7 айлық. Ер адам бұлар өздерінің балалары екенін айта бастады. Алайда олар, балалардың жеке басын куәландыратын құжатты көрсете алмады. Осылайша, осы арнайы іс-шараның нәтижесінде күдіктілерден үш сәби тәркіленді. Олар медициналық мекемеге тексерілу және қажет болған жағдайда көмек көрсету үшін жеткізілді. Күдіктілер бұл балаларды "тірі тауар" ретінде пайдалануы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Тергеу міндетті түрде шындықты анықтайтын болады", – деді полковник Аханов.

Алматы қалалық ПД Тергеу Басқармасының мәліметінше, аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысқа сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу