Баласын қашықтан оқытқан ата-аналарға ақша төлене ме?

1733

Вице-премьер өз ұстанымын айтты.

Баласын қашықтан оқытқан ата-аналарға ақша төлене ме?

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов баласын қашықтан оқыту үшін ақысыз демалысқа кеткен ата-аналардың мәселесіне тоқталды.

"Балалармен жұмыс істеп жатқан ата-аналардың алдында аса бір үлкен проблема бар екенін көріп тұрған жоқпын. Өйткені, жұмыс істегісі келетін ата-аналар алаңсыз жұмысына  бара алады. Ал балаларына кезекші топтарда оқуға болады. Балаларын қашықтан оқыту үшін үйде отыруға мәжбүр ата-аналарға көрсетілуі мүмкін қолдаудың бәрі жасалды. Оның ішінде 42 500 теңгенің өтемақысы да бар. Жұмыстан кеткендердің мәселесі де күрделі болды. Үкімет осының бәріне қажетті шаралар қабылдап отыр. Жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған компаниялардың да қандай қолдау шаралары көрсетілгенін білесіздер. Мемлекет қазір бұл мәселе бойынша мүмкіндігінше шаралар қабылдап жатыр", – деді Ералы Тоғжанов онлайн-брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу