Баласына борышты 8 әке сотталды

927

Баласына борышты 8 әке сотталды

Баласына борышты әкелер жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Алматы облысы прокуратурасынан.

Облыстық прокуратура мен жұмыспен қамту орталықтары, сот орындаушылары және полиция органдары арасындағы алимент бойынша қарыздарды өндіруге бағытталған меморандумды іске асыру барысында іс-шаралар атқарылуда.

Бүгінгі күні жұмыспен қамту орталықтары арқылы 80 борышкер жұмысқа орналастырылып, алимент төлеуді жалғастырып жатыр. Осыған байланысты, 33 мың бала алдындағы 334 млн теңге құрайтын қарыз 264 млн теңгеге дейін төмендеді.

Ал алимент бойынша борышын төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 8 борышкер қылмыстық, ал 132-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу