ҚР денсаулық сақтау министрлігі балаға екпе алудан бас тартқандарға айыппұл салуды ұсынды, деп хабарлайды sputniknews.kz.
"Өкінішке қарай, елімізде екпеден бас тартатын жағдайлар кездеседі. Кейбір елдерде мұндай азаматтарға арнайы шара қолданылады. Германияда, мысалы, мұндай балалар мектепке кіргізілмейді. Бізде ондай жоқ. Әрине, сарапшылармен, қоғамдық ұйымдармен бірге талқылаймыз", — деп жауап берді Біртанов.
Денсаулық сақтау министрі шешім әлі қабылданбағанын атап өтті.
Қазақстанда жыл басынан бері кем дегенде бес жүз балаға екпе салынбаған, олардың жартысы діни ұстанымына байланысты бас тартқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу