Баласына заңсыз діни тәрбие берген ата-аналарға айыппұл салынады

267

Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне өзгеріс енгізілді.

Баласына заңсыз діни тәрбие берген ата-аналарға айыппұл салынады Фото: canva.com

Нақты айтсақ, енді баласына заңсыз діни тәрбие берген ата-аналар жауапкершілікке тартылатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жаңа өзгеріске сай, баласына дін негіздерін дұрыс түсіндірмеген және заңсыз діни тәрбие берген ата-аналарға 5-тен 10 есептік шамаға дейін (70-144 мың теңге аралығы) айыппұл салынады.

Егер осындай әрекеттер қайталанатын болса, онда кінәлілер 10-15 базалық есептік шама (144-218 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу