Сол оқиғадан кейін ақын Балғынбек Имашев Мұқағали Мақатаевқа өлең шығарып, ақынның рухынан кешірім сұрады, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.
"Кешір бізді, уа, Мұқа, айыптымыз,
Қуып кеттік ақша мен хайпты біз.
Тазалауға қоғамды немқұрайлы,
Жазалауға бәріміз лайықтымыз!
"Жас қайың" боп мың көктеп, мың солдыңыз,
Құнсыз бе еді мисызға мұнша орныңыз?
Шын ақынды "сорлы еркек" атандырған,
Әрқайсымыз – шарасыз шын сорлымыз!
Кешір бізді, кешірші, ақын Мұқа,
Желіде отыр кіл дана, батыр, бұқа.
Ақша адамды аздырып айуан қылды,
Қалта қалың болса да, ақыл жұқа…", – деп жазған ол.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу