Бали туристер үшін жыл соңына дейін жабылады

378

Азаматтардың басқа елге саяхаттауына тыйым салынды.

Бали туристер үшін жыл соңына дейін жабылады Фото: ria.ru

Индонезиялық Бали аралы 2020 жылдың соңына дейін жабық болады. Бұған дейін шектеу 11 қыркүйекке шейін енгізіледі деп жарияланған еді. 

"Индонезия үкіметі ел азаматтарына 2020 жылдың соңына дейін саяхаттауға тыйым салады. Сондай-ақ шетелдік туристер үшін де шекарамыз жабылады. Өйткені Индонезияда, соның ішінде Балиде коронавирусқа қатысты жағдай әлі тұрақталған жоқ. Біз өте мұқият болуымыз керек, асығыстық жасамау қажет. Туризмді қалпына келтіреміз деп, сәтсіздікке ұшырауымыз мүмкін. Елдің абыройын ойлауымыз керек", – деді арал губернаторы Вайан Костер.

Ескере кететін жайт, Бали аралына келген экономикалық шығын орасан. Пандемия кесірінен туристік секторда қызмет ететін 2667 адам жұмысынан айырылып, 73 мыңы еңбекақысы төленбейтін демалысқа жіберілген. 

Соңғы мәлімет бойынша, Индонезияда вирус жұқтырғандардың саны 155 мыңнан асып, осы күнге дейін оның 6759-ы қайтыс болды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу