Индонезияның жанартауға жақын Бали туристік аралының 35 мың тұрғыны қауіпсіз аймаққа көшірілді, деп хабарлайды khabar.kz.
Соңғы бірнеше күн бойы жанартау маңында үздіксіз сейсмикалық сілкіністер сезілген. Қазір қауіп күшейіп отыр. Жергілікті билік арал тұрғындарын уақытша баспаналармен қамтып, төтенше жағдай жариялады. Ал туристік аудандарға келетін болсақ, олар жанартау ошағынан шамамен 70 шақырым қашықтықта. Сондықтан олардың алаңдауына негіз жоқ. Халықаралық әуежай да қалыпты тәртіпте жұмыс істеп тұр.
Айта кетейік, Индонезия жердің отты белдеуінде орналасқандықтан, жанартаулардың басым көпшілігі осында. Жаһандағы жер сілкінісінің 90 пайызы осы елде болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу