Балқаш ауданындағы өртті қураған ағаштар өршітіп тұр

1104

Бүгін таңғы сағат 09.45-те Алматы облысы Балқаш ауданының Жиделі ауылдық округінен 25 шақырым жердегі құрғақ шөп пен қамыстан шыққан өрт шаруа қожалықтарының аумағы мен жеке демалыс базаларына таралды. 

Балқаш ауданындағы өртті қураған ағаштар өршітіп тұр

Оқиға орнына Қапшағай қаласы мен Бақанас ауылының 5 бірлік техникасы мен 18 қызметкері аттанды, деп хабарлайды inbussines.kz тілшісі төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап. 

"Өрт орнына дейінгі арақашықтық шамамен 180-200 шақырымды құрады. Телефон байланысы болмағандықтан, жедел топтың жеке құрамы байланыс орнату үшін спутниктік терминалмен қамтамасыз етілді", – деді Талғат Уәли. 

Ресми өкілдің мәлімдеуінше, төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен техникасы Балқаш ауданының Желтораңғы, Ақкөл ауылдық округтерінің аумақтарындағы өртті 13 сәуірден бастап сөндіріп жатыр. 

"Барлығы 3 өрт ошағы бар. Алғашқы ошақ 20 гектар алаңда сағат 10.30-да сөндірілді. Екінші және үшінші жану ошақтарын өрт әлі басылған жоқ. 
Қураған ағаштардың жану оқиғасының жиілеуіне байланысты 12 сәуірден бастап Балқаш ауданында жедел штаб құрылды. Онда Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмыс істеп, Қазавиаорманқорғау мекемесінің ұшағымен учаскелерді аэровизуалды тексеру ұйымдастырылуда", – деді Талғат Уәли.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу