Балқаш әуежайы мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жаңғыртылды

276

Бұл туралы Қарағанды облыс прокуратурасы мәлім етті.  

Балқаш әуежайы мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жаңғыртылды Фото: life09.kz

Қарағанды облысының Балқаш қаласында заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару есебінен қаржыландырылған әуежайды ауқымды реконструкциялау жобасы аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қайтарылған активтерді әлеуметтік маңызы бар нысандарды салуға және өңірлік инфрақұрылымды дамытуға бағыттау жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылды. Қарағанды облысы бойынша бөлінген қаражат есебінен Балқаш әуежайын жаңғырту туралы шешім қабылданған.

Реконструкция жұмыстары көлік инфрақұрылымын жаңартуға, ұшу қауіпсіздігін арттыруға және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жоба өңірдің туристік және инвестициялық тартымдылығын күшейтуге ықпал етеді.

Мамандардың айтуынша, әуежайды жаңарту Балқаш қаласының көліктік қолжетімділігін айтарлықтай жақсартып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу