Балқаш әуежайы реконструкциядан кейін жұмысын қайта бастады

117

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен әуежай инфрақұрылымы жаңартылып, 10 мыңнан астам жолаушы тасымалданды.  

Балқаш әуежайы реконструкциядан кейін жұмысын қайта бастады Фото: Бейнероликтен

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Балқаш қаласындағы әуежайды реконструкциялау жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба өңірлік инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік маңызы бар нысандарды жаңғырту жөніндегі тапсырма аясында жүзеге асырылды.

Жұмыс барысында әуежай инфрақұрылымы жаңартылып, ұшу қауіпсіздігі күшейтілді. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін де қолайлы жағдайлар жасалды.

Әуежай ашылғалы бері 85 рейс орындалып, 10 681 жолаушы тасымалданған.

Әуе қатынасының қайта жандануы Балқаштың көлік қолжетімділігін арттырып, туризм мен өңір экономикасын дамытуға жаңа мүмкіндік беріп отыр. Қала тұрғындары мен қонақтары әуежайдың жаңарған келбеті мен қызмет көрсету сапасының жақсарғанын оң бағалауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу