Балқаш гарнизонында сардар ауыр жарақат алды

568

Әскери қызметшінің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  

Балқаш гарнизонында сардар ауыр жарақат алды

"2022 жылдың 30 мамырында Балқаш гарнизонында офицер қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік шарасының бұзылуы салдарынан жарақат алды. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қорғаныс министрінің тапсырмасымен арнайы комиссия жіберілді", – деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланылмайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу