Балқаш қаласында 90 отбасы баспаналы болды

912

Қалада пәтер кезегінде тұрған 1200 отбасы бар.

Балқаш қаласында 90 отбасы баспаналы болды

Қарағанды облысының Балқаш қаласында 90 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды 24.kz.

Бесқабатты екі үйдің құрылысына "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 668 миллион теңге қаржы бөлінген. 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлердің шаршы метрі 90 мың теңге тұрады. Үйдің жертөлесіне дербес жылыту пункті қойылған. Ерекшелігі, бұл қондырғы күн жылы кезде жылуды үнемдеп береді. Яғни тұрғындар артық ақша төлемейді.

Айта кету керек, Балқаш қаласы бойынша әлі де 1200 отбасы пәтер кезегінде тұр.

"Келесі жылы біз тағы несиелік 2 тұрғын үйдің құрылысын бастаймыз. Ол осы маңда орналасқан. Бұл жерде болашақта мектеп салынады. Балабақша бар", – дейді Балқаш қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Саятбек Мусин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу