Балқаш қаласында бір жастағы бала терезеден құлады

388

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді. 

Балқаш қаласында бір жастағы бала терезеден құлады Фото: Inform.kz

Ересектердің қарауынсыз қалған 2022 жылы туған бала 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатының терезесінен құлады.

Төтенше жағдайлар министрлігі жазатайым оқиғалардың алдын алу ережелерін еске салады:

  • Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыздар;
  • Ешқашан москит торларына сенбеңіздер. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала оның артында өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді;
  • Мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыздар;
  • Терезеден балаға бірдеңені көрсетсеңіз, оны әрқашан мықтап ұстаңыз, нәрестенің кенет қимылдарына дайын болыңыз, алақаныңыз құрғақ болуы керек, баланы киімінен ұстамаңыздар;
  • Балалардың балконға ересектерсіз шығуына жол бермеңіздер;
  • Ұйықтап жатқан баланы пәтерде ешқашан жалғыз қалдырмаңыздар, себебі нәресте оянып, ашық терезеге көтеріле алады;
  • Барлық жиһаздарды, соның ішінде төсектерді терезелерден алыс жылжытыңыздар. Бұл нәрестенің терезеге кездейсоқ түсуін болдырмауға көмектеседі;
  • Бала терезені өз бетімен ашуды неғұрлым кеш үйренсе, соғұрлым қауіпсіз болады;
  • Балаңызға терезеге қарау немесе балконнан көшеге қарау үшін аяқ астына орындық немесе басқа құрал қоюды үйретпеңіздер. Кейіннен осылай әрекет ете отырып, құлап кетуі мүмкін.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу