Балқаш қаласында екі жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетті

1101

Бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Балқаш қаласында екі жастағы бала бесінші қабаттан құлап кетті

Балқаш қаласында 3 маусымда бесінші қабаттағы терезеден екі жастағы бала құлап кеткен. Биіктен құлап, жарақат алған бала жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның денсаулығы ауыр жағдайда. Баланың ата-анасы оны не себепті қараусыз қалдырғаны туралы полицияға түсініктеме беруде.

Соңғы уақытта Қарағанды облысында терезеден құлап, жарақат алған балалар саны артқан. 

2 маусымда Саран қаласындағы бір жастағы бала үйге жапсарлас салынған нысанның төбесінен құлап, қазір ауруханада.

Құтқарушылар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Мамандар әсіресе пластик терезелеріндегі маскит торларына сенбеуге кеңес береді. 

Арайлым Еркебаева 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу