Балқаш қаласында жолдарды жөндеуге 1 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалады

970

Балқаш қаласында жолдарды жөндеуге 1 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалады

Балқашта 2018-ші жылы жол жөндеу жұмыстарына 1 млрд теңге шамасында қаражат жұмсалады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің ресми сайты.

Орташа жөндеу ағайынды Мусиндер, Амангелді, Әлімжанов, Металлургтер көшелерінде, М.Русаков атындағы шағын ауданда, сондай-ақ Қоңырат кентінің Горняцкая көшесінде жоспарланып отыр. Бұл жұмыстарға шамамен 400 млн теңге қажет болады. 
Ленин көшесінде 3 шақырым жол қабаты қайта қалпына келтіріледі. 
Балқаш қаласында сонымен қатар аулаларды абаттандыру жұмыстарын жүргізу көзделіп отыр – бұл мақсаттарға 300 млн теңге бөлінген. Тізімге Сейфуллин, Бөкейханов, Ленин, Молдағұлова, Қараменде би көшелеріндегі, С. Мұхамеджанов ықшам ауданы мен Чайковский тұйық көшесіне қарасты аулалар кірген. Сондай-ақ Қоңырат ықшам ауданында бірнеше алаңдар қалыпқа келтіріледі. Аулаларда орындықтар орнатылып, жаяужолдар мен жарықтандыру жүйесі жөнделеді. Сәбитова ықшам ауданында жаңа ойын алаңы пайда болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу