Балқаш қаласында жұмыс істемейтін ғимарат құлады

666

Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда. 

Балқаш қаласында жұмыс істемейтін ғимарат құлады

Балқаш қаласындағы Ленин көшесі бойында жұмыс істемейтін ғимараттың шамамен 360 шаршы метр алаңда қабырғасы қирады. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Қабырға құлау салдарынан кірпіш сынықтарынан іргелес ғимараттағы авто жөндеу шеберханасында 4 адам жарақат алды.

Бұдан басқа, іргелес жұмыс істеп тұрған авто жөндеу шеберханасы цехының шатыры, терезелері, қабырғасы, сондай-ақ жабдықтар мен 3 жеңіл автокөлік зақымдалды. 

Төрт ер адам – автожөндеу шеберханасының қызметкерлері, дәрігерлер тексергеннен кейін үйлеріне жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу