Балқаш қаласы әкімдігі иесіз иттерге арналған баспана салуға жер телімін бөлді

1052

Балқаш қаласы әкімдігі  иесіз иттерге арналған баспана салуға жер телімін бөлді

Балқаш қаласының әкімдігі "Адам және жануар" қоғамдық бірлестігіне иттерге арналған баспана салу үшін жер телімін бөлді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Көктемде бұл жерде иесіз иттерге арналған торлы орын пайда болады.

Қазіргі таңда қоғамдық бірлестіктің қарауында 85 жануар бар. Бірлестікті азық-түлік және құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге қала тұрғындары көметесуде.

Еріктілер бұрыннан бері билік өкілдерінен жануарларға баспана салуға жер бөлуді өтінген болатын. 
"Қоғамдық бірлестікке ветеринарлық зертxана жанынан аумағы 0,3 га құрайтын жер телімі бөлінді. Еріктілер күшіктер мен ересек иттерге арналған 16 вольер салуды, ветеринарлық клиника ашуды және жануарлар панасын шарбақпен қоршауды жоспарлап отыр", - дейді Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен. 
Қала бюджетінен 2018-ші жылы ит пен мысықты залалсыздандыруға 450 мың теңге бөлінген. Бұл қаражат 100 жануарға жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу