Балқашта 22 тамызда қалаға су жіберетін құбырда апатты жағдай орын алды. Бүгін қала тұрғындарына су жіберу тоқтатылды.
Биліктің айтуынша аварияны жөндеу үшін суды уақытша тоқтатқан. Қаланы резервті су желісімен қосатын су құбырынан шыққан ақауды авариялық бригада кешкі сағат алтыға дейін жөндейді. Әкімдік ауыз судың болмайтынын кеше кешкісін тұрғындарға хабарладық деп отыр. Авария болған жерде 12 адам төрт техникамен жұмыс жасап жатыр.
“Аварияны жөндеу жұмыстары қала әкімінің назарында. Диспетчерлік қызмет оперативті түрде жұмыс жасап жатыр. Қала бойынша тұрғындардың өтінішімен су тасып беру жұмыстары да жасалады”, деп хабарлады Балқаш қаласы әкімінің көмекшісі Жәнібек Сұлтаналиев
Айта кетейік, Балқаш су құбырларында апатты жағдай жиі болып жүр. Сәуірде болған авария кезінде тұрғындар бірнеше күн ауыз сусыз қалған.