Балқаш көлі жағалауында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды

355

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі мәлім етті.

Балқаш көлі жағалауында заңсыз берілген жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды Фото: АШМ

Жетісу облысы бойынша ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Жер ресурстарын басқару департаменті Сарқан ауданы әкімдігіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында Балқаш көліне жақын орналасқан су қорғау аймағында жалпы ауданы 12 гектарды құрайтын 24 жер учаскесінің жер заңнамасы талаптарын бұза отырып, коммерциялық мақсатта берілгені анықталды.

Осыған байланысты департамент Сарқан аудандық сотына Сарқан ауданы әкімдігінің қаулыларын, сондай-ақ аталған жер учаскелері бойынша сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап қою арызымен жүгінді.

Сот департаменттің талап қою арызын толық көлемде қанағаттандырды, нәтижесінде Балқаш көлі жағалауында орналасқан жалпы ауданы 12 гектар болатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу