Қарағанды облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Елжет Аймағамбетов пен Нұржан Жүзмахановтың жедел әрекеттерінің арқасында екі адам құтқарылды.
Оқиға Балқаш көліндегі Приозерск қаласынан оңтүстікке қарай 8 км жерде орналасқан "ЛОК Балқаш" санаторийінің ауданында орын алды. Денсаулықтарына зиян келмеді.
Қарағанды облысының ТЖД азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Бірінші кезекте:
- тыйым салынған жерлерде шомылуға;
- жеке құтқару құралдарынсыз жүзу құралдарында болуға;
- суға кіріп, алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылу;
- қайықтардан, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіру;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде суға сүңгуге;
- жүзу шекараларын белгілейтін қалқымалардан тыс жүзуге;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
- ересектердің сүйемелдеуінсіз балалардың суға кіруіне;
- дауыл туралы ескерту алған кезде суда болуға және шомылуға тыйым салынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу