Қарағанды облысының Приозерск қаласында Балқаш көлінде техникалық ақауға байланысты моторлы қайық тоқтап қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қайықтағы алты адам, оның ішінде екі бала, өздігінен жағаға жете алмаған.
Оқиға орнына келген Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы қайықты жағаға дейін сүйреп жеткізді. Барлық адам аман-есен жағаға шығарылды. Медициналық көмек қажет болмаған.
ТЖМ суға шығар алдында жүзу құралдарының техникалық жағдайын тексеріп, су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу