Балқаш көлінде су деңгейі күрт көтерілді

890

Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігі бүгін, 2024 жылғы 26 сәуірде Балқаш көлінде су деңгейінің неге күрт көтерілгенін түсіндірді. 

Балқаш көлінде су деңгейі күрт көтерілді Фото: kaztag.info

25 сәуір қарсаңында министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева жыл басынан бері Балқаш көліндегі су деңгейі 15 см-ге артқанын: 1 қаңтардағы судың орташа деңгейі 159 см-ге, ал 1 сәуірге қарай бұл көрсеткіш 174 см-ге жеткенін айтты. деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Балқаштағы су деңгейінің күрт өсуі көлге тасқын судың жіберілуіне байланысты екен.

"Биыл трансшекаралық Іле өзенінен үлкен көлемде су келгенін айта кеткен жөн. Осының нәтижесінде Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне шамамен 2,3 текше шақырым көлемінде су жіберу мүмкіндігі пайда болды", делінген ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігінде.

Ал, Іле өзеніндегі судың үлкен көлемі, Қазақстан мен Қытайдағы су тасқынынан пайда болды.

Министрлік Балқаш көліндегі су деңгейін анықтау үшін төрт гидропостта бақылау жүргізіліп жатқанын атап өтті:

  • судың ең жоғары деңгейі Сарышаған су бекетінде - 210 см;
  • ең төменгі су деңгейі Қарақұм су бекетінде орнатылған - 140 см;
  • Балқаш гидропостындағы су деңгейі - 177 см;
  • Мыңарал су бекетінде - 167 см.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу