Балқаш көліне 14 жыл кешенді зерттеу жүргізілмеген

1106

Сенатор Рысқали Әбдікеров Балқаш көлінің тартылып бара жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Балқаш көліне 14 жыл кешенді зерттеу жүргізілмеген

"Көлдің негізгі саласы – Іле өзені. Ол резервуарға су көлемінің 70%-ын әкеледі. Өзеннің қалыпты ағу жылдамдығы секундына 400-500 текше метрді құрауға тиіс. Қазір бұл көрсеткіш секундына 306 текше метрді көрсетіп тұр. Бұған көрші мемлекет аумағындағы өзеннің жоғары ағысының реттелуі себеп болуы мүмкін", – деді депутат премьер-министрге жолдаған сауалында. 

Сенатордың сөзінше, Балқаш көлінің жағдайына жауап беретін мемлекеттік органдардың жұмысында бірізділік жоқ. Соңғы 14 жылда көлге кешенді зерттеу жүргізілмеген. 

"Көлдегі су деңгейінің өзгеруі туралы статистика жоқ. Бұл жағдай болашақта экологиялық апатқа әкелуі мүмкін. Іле өзенін ұтымды пайдалануға қатысты келісімді ел мүддесіне сай келетіндей етіп пысықтауды, Балқаш көлін келешек үшін сақтау бойынша нақтыланған арнайы жоспар әзірлеуді, Іле өзені арқылы көлге құйылатын су мөлшерін арттырып, үнемдеу үшін өзенге салынған гидромелиоративтік жүйені қайта жаңартуды сұраймыз", – деді Рысқали Әбдікеров.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу