Балқаш маңында қамыс, бұта және ағаштар өртенді

501

Өрттің аумағы 20 Га құрады. 

Балқаш маңында қамыс, бұта және ағаштар өртенді Фото: gov.kz

Оқиға орнына ТЖ департаментінің күштері мен құралдары дереу жіберілді.

Өртті сөндіру жұмыстары оның қайта жануына жол бермеу үшін жекелеген жану ошақтарына су төгу, сондай-ақ өртке қарсы от қою арқылы жүзеге асырылды. Өртті сөндіру  жұмыстарын қатты екпінді жел қиындатты.

Қабылданған шаралардың арқасында бір учаскедегі өрт сағат 21-30-да сөндірілді, елді мекенге қауіп жоқ. Шамамен 5 га құрайтын қалған өрт ошақтарын сөндіру жұмыстары күн батқанға дейін жалғасты. Түнде өрттің таралу қаупін болдырмау мақсатында елді мекен жағынан қарауылдау жұмыстары жүргізілді.

2023 жылғы 4 сәуір күні сағат 7.50-де жану орындарына аралау, сондай-ақ дронды қолдану арқылы аэровизуалды тексеру жүргізілді, ашық жану ошақтары анықталмады. Департамент қызметкерлері қарапайым құрал-жабдықтар, аспалы өрт сөндіргіштер мен хлопушкаларды қолдана отырып, жекелеген ұсақ жану ошақтарын сөндіру жұмыстарын жүргізді. Дронға орнатылған тепловизордың көмегімен жер астындағы бықсу учаскелері анықталды, ол жердерде шеңбер бойымен қазу және су төгу жұмыстары жүргізілді. Сағат 11.30-да өрт сөндірілді.

Өрттің нақты ауданын және келтірілген материалдық залалды жергілікті атқарушы органдары мен орман шаруашылығы қызметкерлерінен құрылған арнайы комиссия белгілейтін болады.

Өртті сөндіру жұмыстарына ТЖ департаментіннен, жергілікті атқарушы органдардан, Құрты және Балқаш орман шаруашылықтарынан 88 қызметкер және жүзу құралы мен мотопомпаларды қоса алғанда 24 бірлік техника жұмылдырылды.

Алматы облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу