Балқаш маңында күн электр стансасы салынуда

967

"Жасыл" энергетика жобалары шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылуда. 

Балқаш маңында күн электр стансасы салынуда

Қарағанды облысы баламалы энергия үлесін арттыруда. Бүгінде өңірде бес күн электр стансасы, екі биогаз қондырғысы мен шағын ГЭС жұмыс істейді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аймақтағы "Жасыл" энергетиканың жалпы қуаты 200 мегаваттан асты. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. 

"Жаңғыртылатын және баламалы энергетиканың жаңа көздерін белсенді түрде салу жүріп жатыр. 228 МВт-қа 8 жоба іске асырылды. Балқаш маңында 100 МВт күн электр стансасы салынуда. Саран қаласында 100 МВт және одан жоғары жинақтауыштары бар гибридті күн стансасының құрылысы жоспарлануда", – деді өңір басшысы.

"Жасыл" энергетика жобалары шетелдік компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылуда. Оған 100 млрд теңгеден аса инвестиция салынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу