Балхаш ауданында екі кісілік ұшақ құлады. Шағын әуе кеменің бортында пилот және ұшақтың иесі болған екен. Пилот оқиға орнында көз жұмса, екінші адам ауруханаға жетікізіліпті. Әзірге олардың аты-жөндері анық емес. Ақпарды Алматы облысытық Төтенше жағдайлар қызметі растап отыр. Оған қарағанда, "Олжас Бастау" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі ұшақ Боралдай әуежайынан ұшып шығыпты. Кейін қайтар жолда облысқа қарасты Жиделі елді-мекенінен 20 шақырым аймақта құлапты. Жекеменшік ұшақтың апатқа ұшырауына не себеп болғаны анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу