12 қыркүйекте Балқаш қаласының маңында газ құю бекетінде автомобиль салонындағы газ-ауа қоспасы жарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жарылыстан әр түрлі дәрежедегі күйік алған 38 жастағы жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның мән-жайын Astana TV телеарнасы жеткізді.
Құтқарушылар жүргізушілерге көліктің техникалық жарамдылығын үнемі қадағалап отыруды ұсынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу