"Балқаш Су" КМК-ның бұрынғы директоры 3 жылға сотталды

882

Ол Балқаш коммуналдық қызметтер бойынша тарифтік сметаны негізсіз көтеру арқылы 282 млн теңге сомасында қала тұрғындарына шығын келтірген деген күдікке ілінген болатын. 

"Балқаш Су" КМК-ның бұрынғы директоры 3 жылға сотталды

Балқаш қалалық "Балқаш Су" КМК-ның бұрынғы директоры лауазым өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды, деп хабарлайды қарағанды облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі.

Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі Балқаш қаласы әкімдігінің "Балқаш Су" КМК-ның бұрынғы директоры Т.О.Ежибаевқа қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол Балқаш коммуналдық қызметтер бойынша тарифтік сметаны негізсіз көтеру арқылы 282 млн теңге сомасында қала тұрғындарына шығын келтіріп, лауазым өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген болатын. Келтірілген шығын өтемдік тарифті енгізу есебінен толық өтелді.

Биылғы жылдың 3 қазанында Балқаш қалалық сотының үкімімен Балқаш қаласы әкімдігінің "Балқаш Су" КМК-ның бұрынғы директоры қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін сотталып, оған 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу